×

Антикордың бұрынғы шенді шенеунігі “азаптау” қылмысы бойынша ұсталды

Ол бұрын антикордың ұлттық бюросын басқарған

Антикордың бұрынғы шенді шенеунігі “азаптау” қылмысы бойынша ұсталды
Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Татубаевқа қарсы іс қозғалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бас прокуратура 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевты  ұстағанын хабарлайды.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →