×

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Фото: Qaz365.kz

Алакөл көліне көлікпен жету мүмкіндіктері жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл ретте жуырда Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасына облыс әкімдігі тарапынан субсидияланатын арнайы автобус маршруты жүргізілмекші, - деп хабарлайды Qaz365.kz

Ең алдымен атап өтсек, соңғы жылдары Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны - небәрі 20 000 теңге. Әуежай қазір сағатына 50 жолаушы өткізуге қабілетті.  

- 2022 жылы әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта жаңғыртылып, беткі қабаты 52 см қалыңдықтағы цемент-бетонмен нығайтылды. Соның арқасында ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қазір Астана, Алматы қалалары мен Үшаралдың арасында субсидияланатын маусымдық әуе қатынасы күнделікті жүреді. Әуежай жұмысы жалпы Алакөл ауданының туристік әлеуетін арттыруға үлкен ықпал етіп отыр, - дейді «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ Үшарал қаласы әуежайының директоры Айдын Байбазаров.

Сол сияқты жазғы шомылу маусымына қарай қосымша пойыздар іске қосылды. Көлге 13 пойыз жүреді, оның ішінде Астана мен Алматыдан шығатын «Тальго» жүрдек пойызы да бар. Оған қоса Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Семей және Ақтоғай бағыттары қосылды.

Сондай-ақ Ақши және Көктұма ауылдарына автобус маршруттары ұйымдастырылды. Алматыдағы «Сайран» және Талдықорғандағы автобекеттерден автобустар тұрақты жүреді. Билет құны 5 000 теңге мен 9 000 теңгенің аралығында.

Бір атап өтерлігі, жуырда Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына автобус қатынайтын болады.

- Алакөл жағалауындағы жекелеген қонақ үйлер болмаса, көпшілік демалыс орындарында трансфер қарастырылмағандықтан, туристер тарапынан жиі айтылатын мәселенің бірі Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасында автобус қатынасы жайы болатын. Бұл мәселе шешімін тапты. Облыс әкімдігінің қолдауымен субсидияланатын автобус маршруты шығарылады. Қазір конкурс рәсімдері аяқталды. Жақын күндерде автобус жүре бастайды, - деді Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов.

Еске салсақ, соңғы жылдары «Талдықорған - Үшарал», «Үшарал - Достық» автожолдары қайта жаңғыртылып, қолданысқа берілген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Антикордың бұрынғы шенді шенеунігі “азаптау” қылмысы бойынша ұсталды
Бүгін, 17:07

Антикордың бұрынғы шенді шенеунігі “азаптау” қылмысы бойынша ұсталды

Ол бұрын антикордың ұлттық бюросын басқарған
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады
Нақты қай банктің қызметкерлері тергеуге ілінгенін құзырлы орган ашып айтпайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →