×

Қазақтарды "мәмбет" деп атаған қарағандылық кәсіпкер екі айға қамауға алынды

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазақтарды "мәмбет" деп атаған қарағандылық кәсіпкер екі айға қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының полиция департаменті Qaz365.kz порталына берген жауабында Алика Мұхамадиеваның екі айға қамауға алынғанын растады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысының ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бір әлеуметтік желі қолданушысының ұлттық араздықты қоздыру фактісін анықтаған. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық азаматшаның «Threads» әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны белгілі болды. Сонымен қатар, тергеу органдарына күдіктінің елден тысқары шығуды жоспарлап отырғаны жөнінде мәлімет түскен. Осыған байланысты күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат берілді. 22 шілде күні Қарағанды қаласының тергеу соты өтінішті қанағаттандырды. Тергеу кезеңінде күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстау туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады департамент.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Бүгін, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →