×

Қазақстанда доллар тағы қымбаттай түсті

Дүйсенбіде шетел валютасы уақытша арзандағаннан кейін кейін бүгін қайта қымбаттай түсті

Қазақстанда доллар тағы қымбаттай түсті
Ашық дереккөзден

КASE-дегі сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 532,43 теңгені құрады. Бұл — өткен аптадағы тарихи рекордқа өте жақын көрсеткіш, деп хабарлайды Qaz365.kz.

KASE мәліметіне сәйкес, 22 шілдеде доллар 529,76–534,85 теңге аралығында саудаланды. Сауда көлемі 30,3 млн долларға артып, 271,8 млн долларға жетті. Тәулік ішінде АҚШ валютасы теңгеге шаққанда 2,84 теңгеге нығайып, дүйсенбідегі құлдырауды дерлік толығымен өтеді.

Өткен аптада доллар бағамы тарихи максимумды жаңартты — Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы 532,7 теңгені, ал KASE-дегі орташа өлшемді бағам 533,07 теңгені құраған болатын. Демалыс күндерінен кейін әдеттегі «түзету» кезеңі байқалғанымен, қазір доллар қайтадан қымбаттап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ресейде ұлттық мессенджер құру процесі жүріп жатыр
Астана сотында Перизат Қайраттың телефонынан алынған деректер жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →