×

«Миллиардтарды жымқырған қызыңды тоқтату керек еді»: Перизат Кайраттың анасына жәбірленуші қатты айтты

Сот жарыссөзінде жәбірленушілердің бірі Перизат Қайратты анасымен бірге қатаң жазалауды талап етті

«Миллиардтарды жымқырған қызыңды тоқтату керек еді»: Перизат Кайраттың анасына жәбірленуші қатты айтты
Qaz365.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваның ісі бойынша негізгі сот процесі бүгін де өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Іс бойынша жәбірленушілердің бірі Руслан Томашев Перизат Қайрат құрған қорға белгілі бір мөлшерде ақша аударғанын айтты, бірақ нақты соманы атаған жоқ. Сонымен қатар ол Перизат Қайраттың анасына аяушылық танытпауға шақырды.

“Шығарылған шешіммен толық келісемін. Мұнда көптеген жәбірленушілер анасының жасы мен жағдайына байланысты жеңілдік беру туралы айтып жатыр. Меніңше, мұндай әрекеттерді түбегейлі тоқтату керек. Үкімді өзгеріссіз қалдыру керек, ешқандай жеңілдікке, ауруға, жасқа немесе басқа сылтауға жол берілмеуі тиіс, – деді жәбірленуші бейсенбі күні.

Тағы бір жәбірленуші Амина Аймағанбетова Перизат Қайраттың анасы – Ғайни Алашбаева қызының әрекеттерін бақылауы тиіс еді деген пікір білдірді.

“Меніңше, бұл істе қатаң жаза қолдану керек. Өйткені анасы жауап беретін болса, оған «қайда қарадың?» деген сұрақ туындайды. Қызының миллиардтап ұрлық жасауын тоқтатуы керек еді, – деп өз ұстанымын айтты жәбірленуші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →