×

Ресейде Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Ан-24 ұшағының Ресейдегі апат орны тексерілді: алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ

Ресейде Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты
Ашық дереккөзден

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресей ТЖМ құтқарушылары «Ангара» әуе компаниясына тиесілі Ан-24 ұшағының Амур облысында құлаған орнына қарай жылжуын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта жерүсті тобы таулы жерлердің ең қиын учаскесінен өтуде – қираған ұшаққа дейін шамамен үш шақырым қалды. Жолдың мүлде болмауына байланысты бағытты ауыр инженерлік техникамен аршып жатыр.

Апат орнына алғашқы құтқарушылар жеткен. Ми-8 тікұшағы Хабаровскіден ТЖМ қызметкерлерін апатты-құтқару құралдарымен бірге жеткізді. Олар ұшақтың қалдықтарын тексеруді бастап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, аман қалғандар жоқ.

Благовещенск қаласынан қосымша 40 адамнан тұратын аэромобильді топ, оның ішінде психологтар да аттанды. Жалпы, апат салдарын жою жұмыстарына 149 маман мен 21 техника бірлігі жұмылдырылған.

Амур облысының губернаторы Василий Орловтың мәлімдеуінше, барлық шараларды үйлестіру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →