×

Франция Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды

Франция Палестинаны күзде өткізілетін БҰҰ Бас Ассамблеясында мойындамақ

Франция Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды
Ашық дереккөзден

Эммануэль Макрон Франция БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап.

Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін сессиясында өз елінің Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.

«Таяу Шығыста әділ және тұрақты бейбітшілікті орнату жөніндегі тарихи міндеттемеге берік бола отырып, Францияның Палестина мемлекетін мойындайтыны туралы шешім қабылдадым. Бұл туралы мен биыл қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында салтанатты түрде жариялаймын», — деп жазды Макрон Х әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ Макрон «дереу бітім орнатып, барлық тұтқынды босатып, Газа халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсету қажет» екенін айтты.

«Сонымен қатар ХАМАС қозғалысының қарусыздандырылуын қамтамасыз етіп, аймақтағы қауіпсіздікті қалпына келтіріп, Газаны қайта қалпына келтіру қажет», — деп толықтырды Франция президенті.

Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «қазіргі жағдайда палестиналық мемлекеттің құрылуы – Израильді жоюға бағытталған плацдармға айналады» деді. Оның пікірінше, «палестиналықтар Израильмен қатар өмір сүретін мемлекет құруды көздемейді, керісінше Израильдің орнын басатын мемлекет құрғысы келеді».

Бүгінгі күнге дейін Палестина мемлекетін БҰҰ-ға мүше 193 елдің 140-тан астамы мойындаған. Алайда оны АҚШ пен Ұлыбритания әлі де мойындаған жоқ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл шешімге байланысты: «Вашингтон мұны жауапсыз қадам деп санайды. Бұл ХАМАС-тың насихатына ғана қызмет етіп, бейбітшілік процесін тежейді», — деп мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →