×

«Көкмайса-2025»: Ұлытаудағы этнофестивальде 500 литр қымыз тегін таратылды

«Көкмайса-2025»: Ұлытаудағы этнофестивальде 500 литр қымыз тегін таратылды
Ұлытау облысының әкімдігі

Бүгін ұлттың киелі мекені – Ұлытау жерінде дәстүрлі «Көкмайса-2025» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бастауын 2018 жылы алған фестиваль халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта тірілтуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған.

Фестиваль «Қымызмұрындық» атты театрландырылған көрініспен басталып, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің төл туындыларымен жалғасты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлттық рух пен мәдени мұраның ұрпақ сабақтастығындағы маңызына тоқталды.

Фестиваль аясында бие байлау, күбі ыстау, қымыз ашыту көріністері көпшілік назарына ұсынылып, арнайы дайындалған ұлттық сусын келген қонақтарға тегін таратылды. Ет жеу жарысы, қазақша күрес, жілік сындыру, садақ ату, найза лақтыру, асық ату, қошқар көтеру секілді ұлттық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыстарда жергілікті спортшылардан өзге, көршілес Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының спортшылары да бақ сынады.

Өңірлік және жергілікті қолөнер шеберлері ұлттық бұйымдарды жасап көрсету арқылы келушілерге шеберлік сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар, балаларға арналған этноойын алаңдары мен ұлттық стильдегі аттракциондар қызықты әрі танымдық форматта ұсынылды. 

Сахнада елімізге танымал өнер иелері мен жергілікті шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында: Бексұлтан Барақбай, Ақжол Әмірхан, Ділназ Сұлтанбай, «Сәкен серілері», «Тандем» дуэті, Қайырхан Ерғазы, Эльмира Дәулетбаева, Досымжан Таңатаров, Ұлытау аудандық мәдениет үйінің би ансамблі, «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблі, «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі бар.

Фестиваль соңында өткізілген ұлттық спорт байқаулардың жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

«Көкмайса-2025» – бұл салт-дәстүр мен заманауи мәдениетті бір арнаға тоғыстырып, ұлт болмысының терең тамырын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мереке

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
25.07.2025ж. 09:57

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Бұл жөнінде Ақорда ақпарат таратты
Франция Палестинаны күзде өткізілетін БҰҰ Бас Ассамблеясында мойындамақ
Ан-24 ұшағының Ресейдегі апат орны тексерілді: алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ
Ол депутаттардың дәрігерлерге тап бергендерді қатаң жазалау туралы ұсынысын орындаудан үш рет бас тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →