×

100 домбыра – Сәтбаев халқының рухын оятты

100 домбыра – Сәтбаев халқының рухын оятты
Сәтбаев қаласының әкімдігі

Ұлттық домбыра күніне орай Сәтбаев қаласының Жастар алаңында 100 күйші бір мезетте «Балбырауын» күйін орындап, қаламызды рухқа толтырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай аллеясында ұлттық өнер мен елордамыздың мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті. Домбыра күні мен Астана күніне арналған бұл мерекелік шараға қала әкімі қатысып, тұрғындарды айтулы күндермен құттықтады.

Концерт барысында қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар қазақтың дәстүрлі күйлері мен әсем әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Өнерпаздардың еңбегі ескерусіз қалмай, қала әкімі олардың әрқайсына алғыс білдіріп, арнайы марапаттар мен домбыралар табыс етті. Бұл — ұлттық өнерге деген құрметтің, рухани мұраны ұлықтаудың белгісі болды.

Мерекелік кеш тұрғындарға шаттық пен рухани серпіліс сыйлап, ұлттық өнер мен елорданың мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатты.

Бұл — халқымыздың бірлігін, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, ата-баба аманатына адалдығымызды паш еткен сәт болды.Домбыра — тарихымыздың үні, жүрегіміздің тілі. Оның қоңыр күйі бізді өткенімізбен жалғап, ұрпағымызға жол көрсетеді. Бүгінгі шара арқылы біз сол қастерлі мұраны тағы бір мәрте ұлықтап, жас буынға өнеге көрсеттік.Жүздеген домбырашыны біріктірген бұл бастама ұлттық өнердің мәңгі жасайтынын дәлелдеді. Баршаңызға алғыс айтамын! Домбыраның қоңыр үні әрбір шаңырақта жаңғыра берсін, бірлігіміз бекем болсын, - деді әкім Мұрат Бөрібаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
25.07.2025ж. 09:57

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Бұл жөнінде Ақорда ақпарат таратты
Франция Палестинаны күзде өткізілетін БҰҰ Бас Ассамблеясында мойындамақ
Ан-24 ұшағының Ресейдегі апат орны тексерілді: алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ
Ол депутаттардың дәрігерлерге тап бергендерді қатаң жазалау туралы ұсынысын орындаудан үш рет бас тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →