×

Сәтбаев қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Сәтбаев қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді
Фото: istockphoto

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында кезекті рейдтік іс-шара кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының жетекшілігімен өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арнайы құрылған жұмыс тобы қаладағы бірқатар сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған бағаларды тексерді.

Мониторинг барысында дүкен иелеріне бұл тауарлардың бастапқы (сатып алу) бағасына 15 пайыздан жоғары үстеме ақы қосуға жол берілмейтіні түсіндірілді. Бұл талап ҚР Сауда және интеграция министрлігі бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отыр.

Сауда орындарына арнайы жадынамалар таратылып, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке баға белгілеудің заңды нормалары түсіндірілді. Атап айтқанда, мұндай тауарлар тізіміне нан, күнбағыс майы, қант, күріш, макарон, картоп, сәбіз, пияз, сиыр еті, тауық еті, тұз және сүт өнімдері кіреді.

Мақсат – халықты негізсіз баға өсімінен қорғау және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау.Рейдтік шаралар тұрақты негізде жалғасатын болады. Егер тұрғындар тарапынан заңсыз баға көтеру бойынша шағымдар түссе, тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Бүгін, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →