лытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жобаның құны – 800 миллион теңге. Зауытта жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады. Ал 40-қа жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Біз алдымен Ұлытау облысының өндірістері мен кәсіпорындарын қажетті өніммен қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбейеді, - дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев.
Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2028 жылға дейін 917 млрд теңгеге бағаланған 22 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды. Бұның барлығы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Бұл өңірдің өнеркәсіп әлеуетін нығайтып, отандық өндірушілерді дамытуға ықпал етеді.
Зауыттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков:
Облыс әкімдігі инвестицияларды тарту және кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын басым міндет ретінде қарастырады. Біз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, тиісті кедергілерді азайтуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жалғастыра береміз, – деді әкім.
2024 жылы Ұлытау облысында жалпы сомасы 34 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске асырылды. Осы жоба аясында 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.