×

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

Гаагадағы халықаралық сот Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға байланысты тұтқынға алуға ордер берді.

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді
delfi.lt/ru

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. Бүгін Ресей әскерлерінің Украинаға толыққанды басып кіргеніне 387-ші күн.

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украин азаматы үйлерін тастап кеткен.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіру үшін қылмыстық жауапты деп айыптап, қамауға алуға ордер берді.

Путинге айып тағылып отырған қылмыстар Украинаның оккупацияланған территориясында кем дегенде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалған, деп жазады сот.

Сондай-ақ, сот ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы да қамауға алуға ордер берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →