×

Руслан Берденовті не үшін атқан: сотта істің мотиві жарияланды

Бүгін алдын ала тыңдауда прокурор айыптау актісінде оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Руслан Берденовті не үшін атқан: сотта істің мотиві жарияланды
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі сотта айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, 21 сәуір күні айыпталушы Ернар Жиенбай Шымкент қаласы құрылыс басқармасының салынып жатқан нысандарды бақылау бөлімінің басшысынан жұмыстан босатылғанын естіген. Басқарма басшысы Жиенбайға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің тапсырмасы бойынша «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуі керектігі айтылған. 

Айыптау тарапының мәліметінше, осы хабарды естіген соң Ернар Жиенбай қатты күйзеліс жағдайында дүкенге барып, бір бөтелке алкоголь сатып алып, оны ішкен. Артынша үйіне барып, аңшы мылтығын әкелген. Сол күні кешкісін ол қала әкімдігі ғимаратына келіп, әкімнің орынбасарын күтіп тұрған. Руслан Берденовті көрген сәтте оған бес рет оқ атқан. Шенеунік жерге құлаған соң, Жиенбай бақылау үшін тағы бір рет атпақ болған. Алайда Руслан Берденов алған жарақаттарына қарамастан қарсылық көрсеткен. Дәл сол сәтте әкім орынбасарының жүргізушісі араласып, көлігімен шабуыл жасаушыны қағып өткен.

Басты сот отырысы 6 тамызға белгіленді. Сотқа Руслан Берденовтің өзі де қатысуы тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →