×

«Баланы емдейміз» деп 1,3 млрд теңге жинап байыған: ҚМА тағы бір резонансты істің бетін ашты

БАҚ-тан түскен сұрауларға байланысты ҚМА қайырымдылыққа байланысты тағы бір резонансты іс жөнінде мәлімдеме жасады

«Баланы емдейміз» деп 1,3 млрд теңге жинап байыған: ҚМА тағы бір резонансты істің бетін ашты
Ашық дереккөзден

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті ұлының еміне қаражат жинау үшін кең көлемді жарнама науқанын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу амалдарына сай, баланың қатысуымен көрсетілген бейнероликтер, әсерлі жазбалар Instagram және Facebook арқылы жүргізілген таргеттелген жарнама мыңдаған қазақстандықтың жүрегіне әсер еткен. Азаматтардың сенімі мен жанашырлығын пайдалана отырып, күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған. Алайда баланың еміне тек 6,4 миллион теңге жұмсалған. Қалған қаражат ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған. Нақты айтқанда, елордада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған. Қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігін (481 миллион теңгеден астам) әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға бағыттаған. Meta Ads арқылы жүргізілген жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.

Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салған, – деп хабарлайды ҚМА.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген. Алайда тергеу бұл мәміленің жалған екенін дәлелдеді. Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған мүліктердің барлығына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды
Бүгін, 16:59

Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды

Құтқарушылар 20 жастағы жігіттің денесін тапты
Олар Ресейдің Әскери-теңіз флот күніне орай жиын өткізген
Бұл ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірнеше рет түскен
KPI жүйесі бойынша әкімдердің үздігі халықты жұмыспен қамтауына қарай айқындалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →