×

Қостанайда Ресейдің мерекесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Олар Ресейдің Әскери-теңіз флот күніне орай жиын өткізген

Қостанайда Ресейдің мерекесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
Скринфото ашық дереккөзден

27 шілде күні Қостанайдың жағалауында Ресейдің Әскери-теңіз флоты күніне арналған шара өткен. Әскери форма киген ер адамдар сап түзеп, ӘТФ туы көтерілгеннен кейін әскери сәлем берген, деп хабарлайды Qaz.365.kz.

Айта кетейік, Қазақстанда Әскери-теңіз флоты күні 2 сәуірде аталып өтеді. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тез таралып, қоғамда наразылық тудырды.

Прокуратура бұл рұқсат етілмеген жиын ретінде анықталғанын мәлімдеді. Материалдар полицияға жолданып, енді құқықтық баға сол жақта беріледі.

Қостанай әкімдігі аталған шара алдын-ала хабарланбай, келісімсіз өткізілгенін растады. Осыған байланысты шараны ұйымдастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы – «Спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру тәртібін бұзу» бойынша 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды
Бүгін, 16:59

Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды

Құтқарушылар 20 жастағы жігіттің денесін тапты
Бұл ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірнеше рет түскен
KPI жүйесі бойынша әкімдердің үздігі халықты жұмыспен қамтауына қарай айқындалады
БАҚ-тан түскен сұрауларға байланысты ҚМА қайырымдылыққа байланысты тағы бір резонансты іс жөнінде мәлімдеме жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →