×

Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды

Құтқарушылар 20 жастағы жігіттің денесін тапты

Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды

Қайғылы жаңалықты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) растады. Еске сала кетсек, жас жігіт 27 шілдеде тауға кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Ол үйіне оралмаған. Бүгін марқұмның денесі оның жексенбі күні жолға шыққан бағыты — Молодёжный шыңы маңынан табылды.

Бұл күрделі маршрут, деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Шыңның биіктігі — теңіз деңгейінен 4 мың метрден асады, мұздықтар бар.

20 жастағы Аланды іздеу жұмыстарына ТЖД-ның 50-ден астам қызметкері, еріктілер мен иттермен бірге кинологтар жұмылдырылған. Сегіз дрон көкке көтерілді.

«Құтқарушылардың жоғары көтерілуі мен денені төмен түсіруі шамамен бес сағатқа созылды. Оқиға орнында Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері мен ТЖД психологы жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары осы күнге дейін үздіксіз жүргізілді, ТЖМ тікұшағы да тартылды», — деді құтқарушылар.

Құтқарушылар тауға шығатын азаматтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматы ипподромы – ел тарихындағы ең көне және мәдени маңызы зор спорт нысандарының бірі
Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →