Су кірген үйлердің тұрғындары эвакуациялық пункте орналастырылды
Оралда елуге жуық саяжайды су басты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.
Бір-екі күн бұрын "Ягодка", "Парус", "Вишнёвый сад", "Путеец" саяжайларына еріген қар суы жайылған. 16 наурыз күні Деркөл және Шаған өзендерінің арнасынан тасыған су саяжайлардағы үйлерге кірді.
- Өзендердің бетіндегі мұз сіресіп жатыр. Сең бұзылса, еріген қар суы өзенге сіңіп кетер еді. Басқа ағып кетер жолы болмағандықтан, лықсып келіп, жағасында орналасқан саяжайлардағы үйлерді басты. Мұнда адамдар отбасымен, бала-шағасымен жылдап тұрады. Халық өз күшімен қапшықтарға құм болтырып, судың жолын бөгеуге тырысты. Алайда ағатын басқа арнасы жоқ қызыл су бой бермеді. Деркөлдің суы «Ягодака» саяжайындағы 15 үйді басты. Су кірген үйлердің тұрғындары Деркөл ауылындағы Мәдениет үйінде ашылған эвакуациялық пункте орналастырылды. Кейбіреулері бала-шағасын алып, туыстарын паналап кетті. Су тасқыны басталғалы барлық саяжайларды күнде аралап, тексеріп тұрамыз, - деді «Батыс Қазақстан бау-бақша қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы Андрей Заозёров.
Айта кету керек, қалалық бау-бақша қоғамының мәліметі бойынша, Орал қаласы бойынша 155 саяжай тіркелген. Олардың 85-і Шаған және Деркөл өзендерінің бойында, 70-і Жайықтың жағасында орналасқан. Оларда 19-20 мың адам өмір сүруде.