×

«Соңына дейін іздейміз»: қорғаныс күштері жоғалған тікұшақты әлі таппай жатыр

Бұл жолы оқиға орнына Қорғаныс министрінің өзі барған

«Соңына дейін іздейміз»: қорғаныс күштері жоғалған тікұшақты әлі таппай жатыр
Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысқан. Тікұшақ әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар еткен, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.

– Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы кедергі келтіруде. Алайда, 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу-құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Сол іздеу жүріп жатқан аймақта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездескен. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурстар жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтқан.

– Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз.  Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз, – деді Қорғаныс министрі.

Үйсенбай Нұржігіт тікұшақ экипажы командирінің үлкен ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, таңертеңнен кешке дейін ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған іздеу орнында. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай
Бүгін, 17:23

Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Дәрігерлер Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт ер адамның жағдайы туралы айтты
Ұлттық банк нарықта алыпсатарлар көбейгенін хабарлайды
Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікті үш мәрте жеңген әйелдің оқиғасын жариялады
Америкалық валюта күткен межеден асып түсті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →