×

«Дәрігер қалай десе, солай емделемін»: Астанада қатерлі ісікті үшінші рет жеңген әйел ауруханадан шықты

Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікті үш мәрте жеңген әйелдің оқиғасын жариялады

«Дәрігер қалай десе, солай емделемін»: Астанада қатерлі ісікті үшінші рет жеңген әйел ауруханадан шықты
скриншот

Павлодарлық 77 жастағы Тамара Суслова – өмірлік жігері мықты әйел. Ол өмірінде үш рет онкологиялық диагнозға тап болып, әр жолы бұл дертті сәтті жеңе білді, деп жазады Qaz365.kz.

Алғаш рет оған бұл диагноз 20 жыл бұрын қойылған: сүт безінің сирек кездесетін педжет ауруы. Сол кезде оған мастэктомия жасалып, 10 курс сәулелік терапия жүргізілген. Ол мойымай, өмірін белсенді түрде жалғастырған. Кейін тоқ ішектің қатерлі ісігі дерті ерте сатысында анықталып, сәтті алынып тасталған. Химиотерапиясыз өткен. Арада он жыл өткенде жаңа белгілер пайда болды: әлсіздік, жүрек айну, 16 келі салмақ жоғалту. Диагноз – асқазан қатерлігі ісігінің III сатысы. Павлодарлық дәрігерлер операциядан бас тартуға кеңес берген, ал химиотерапия тым ауыр болатындай көрінген. Тамара Ивановнаның қызы оны Кореяға алып барған. Бір курс терапия – 5 миллион теңге. Қазақстанға оралған соң қызы емнің жолдарын әрі қарай іздестірді: моралдық тұрғыда қолдап, оны түрлі шипалы орындарға апарып жүрді. Шешім Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығынан табылды.

«Пациент бізге үшінші онкологиялық диагнозбен, яғни асқазанның қатерлі ісігімен келді. Бұған дейінгі екі ауру да сәтті емделген. Келген кездегі жағдайы жақсы болды, онкология бар деп айта алмайсың. Өте позитивті адам, өмірге құштар, күрескер. Жеңіске сенімді болды. Диета сақтайды, тәртіпті пациент», – дейді ҰҒОО абдоминалды хирургия секторының аға ординаторы Алтай Керімқұлов.

Дәрігерлер HIPEC – гипертермиялық ішперделік химиотерапия технологиясын қолданып операция жасау туралы шешім қабылдаған. Операция сәтті өтті. 11-ші күні пациент ауруханадан шығарылды. Химиотерапия оң нәтиже беріп, ісіктің ішінара кері дамуы байқалды. Иммундық химиотерапияның қайталама курстары тағайындалды. ҰҒОО дәрігерлері үмітпен қарап отыр.

«Қазіргі таңда біздің медицинаның деңгейі барлық көмек түрін көрсетуге толық мүмкіндік береді. Бұл үшін шетелге шығудың қажеті жоқ. Кореядағыдай емді біз де ұсына аламыз», – дейді онкохирург.

HIPEC (Hyperthermic Intraperitoneal Chemotherapy) – жоғары технологиялы емшара, оның барысында операция кезінде іш қуысына қыздырылған химиопрепарат ерітіндісі енгізіледі. Ол шамамен бір жарым сағат бойы айналып, көзге көрінбейтін ісік қалдықтарын жояды. Бұл әдіс Қазақстанда алғаш рет ҰҒОО-да енгізілген және пациенттерді емдеуде табысты қолданылып келеді. Тамара Ивановна күресін жалғастыруда. Ол үмітпен, сеніммен өмір сүруде: «Мен: «Мен өмір сүргім келеді», – деймін. Маған не ұсынылса, бәрін жасаймын. Мен дәрігерлерге үлкен үміт артамын. Бұл – біздің ортақ ісіміз. Ал ортақ іс – сауығуға алып келеді».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай
Кеше, 17:23

Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Дәрігерлер Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт ер адамның жағдайы туралы айтты
Ұлттық банк нарықта алыпсатарлар көбейгенін хабарлайды
Америкалық валюта күткен межеден асып түсті
Бұл жолы оқиға орнына Қорғаныс министрінің өзі барған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →