×

Доллар 550 теңгеден асқан сәтте Ұлттық банк интервенция жүргізетінін жариялады

Ұлттық банк нарықта алыпсатарлар көбейгенін хабарлайды

Доллар 550 теңгеден асқан сәтте Ұлттық банк интервенция жүргізетінін жариялады
Ашық дереккөзден

Ұлттық банктің мәліметінше, 30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреген, деп жазады Qaz365.kz.

Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық интервенциялар жүргізуге кіріскен.

Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді. Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын, – деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялайтынын мәлім етті.

Еске сала кетейік, ақша айырбастау орындары долларды 550 теңгеден сата бастаған еді. Бірнеше күн бұрын Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов интервенция жүргізілмейтінін хабарлаған. Кейін райынан қайтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай
Кеше, 17:23

Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Дәрігерлер Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт ер адамның жағдайы туралы айтты
Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікті үш мәрте жеңген әйелдің оқиғасын жариялады
Америкалық валюта күткен межеден асып түсті
Бұл жолы оқиға орнына Қорғаныс министрінің өзі барған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →