×

Ұлттық банк араласқан соң теңге қайтадан нығая бастады

Теңге 540 деңгейіне дейін нығайды

Ұлттық банк араласқан соң теңге қайтадан нығая бастады

Сауда сессиясы барысында теңге бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) долларға шаққанда 540 деңгейіне дейін нығайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін сағат 15:03-тегі (Астана уақытымен) биржа деректеріне сәйкес, күн басынан бері ұлттық валюта 3,13 теңгеге немесе 0,58%-ға күшейген.

Доллармен сауда көлемі $144,1 млн-ды құрап отыр – бұл соңғы 15 сауда сессиясының орташа көрсеткішінен ($279,9 млн) едәуір төмен. Ал 30 шілдеде бұл көрсеткіш $443,8 млн-ға дейін жеткен еді. Соған қарамастан, сауда сессиясы аяқталуына екі сағаттай уақыт қалғандықтан, теңге бағамы күні соңына дейін тағы өзгеруі ықтимал.

Интервенция

30 шілде күні күндіз доллар бағамы KASE-де 550 теңгеге дейін жеткен. Осыдан кейін Ұлттық банк валюта интервенциясын бастағанын хабарлады. Алайда нарықты тұрақтандыру үшін нақты қанша көлемде валюта жұмсалғаны әзірге белгісіз. Бұл ақпарат 1 тамызда жарияланады.

25 шілдеде Ұлттық банк валюта нарығында алыпсатарлық әрекеттер байқалса, интервенция жасауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұған дейін, 24 шілдеде, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы да осындай ұсыныс білдірген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастады
Бүгін, 15:07

Қазақстанда Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастады

Орталық Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымы құрамында жұмыс істейді  
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді
АҚШ президенті Дональд Трамптың оншақты елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты баж салығын енгізу туралы жарлығы күшіне енеді
Гүлшат шетелге бармас бұрын еңбек ететін жерді әбден зерттеп алуға кеңес береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →