×

АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығы күшіне енеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың оншақты елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты баж салығын енгізу туралы жарлығы күшіне енеді

АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығы күшіне енеді
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 31 шілдеде кешке 60-тан астам елден АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға 15-тен 41 пайызға дейінгі баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Қазақстанға қатысты Дональд Трамп 25 пайыз көлемінде баж салығын енгізді. Бұл шаралар жұма, 1 тамызда күшіне енеді деп күтілген.

"Оның орнына баждар 7 тамызда кеден және Шекара қызметіне қажетті өзгерістерді енгізуге жеткілікті уақыт беру үшін енгізіледі",-деп хабарлайды CNN.

Еске сала кетейік, шілде айының басында Трамп президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауында Қазақстанға қатысты баждар туралы хабарлады. "Бұл тарифтер сауда кедергілерін түзету үшін қажет екенін түсініңіз. Сауда теңгерімсіздігі біздің экономикамызға және негізінен ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді!" деп жазды американдық көшбасшы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр
Бүгін, 16:31

Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қымбатшылыққа ішкі және сыртқы факторлар әсер ететінін мәлімдеді
Сауда субъектілері үшін "Қазақстанда жасалған" өнімнің ең төменгі үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс
Бұл туралы әлеуметтік желіге адвокат Мейірман Шекеев жазды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →