Бұл туралы әлеуметтік желіге адвокат Мейірман Шекеев жазды
Адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында бір топ жігіттің қолынан көз жұмған Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылатынын жазды, деп хабарлайды Qaz356.kz.
Нұрқанаттың ісі тоқтатылады, – деп жазды Мейірман Шекеев.
Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі 2024 жылы 9 желтоқсанда Талғар шетіндегі зират маңынан табылған еді. Полиция сол тұста Нұрқанаттың өз-өзіне қол салғаны турасында ақпарат таратқан. Алайда Шерзаттың әкесі Қаржаубай бұл нұсқаға сенбей, наразылық білдіріп, полицияға қарсылық көрсетіп, сол үшін әкімшілік жазаға тартылған. Шерзат Полаттың сотында Нұрқанаттың тергеу кезіндегі берген жауаптары жарияланып, берген жауаптары оқылған. Сол жауаптар сотта маңызды материал ретінде іске тіркелген еді.
Биыл маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі шегіне жеткен. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. Сотталғандардың алды бостандыққа шығып қойды. Атап айтқанда, жасөспірім Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінді.