×

Жетісу облысында жол апатынан бірнеше адам қаза тапты – видео

Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Жетісу облысында жол апатынан бірнеше адам қаза тапты – видео
Видеодан кадр

Жетісу облысында жол ауа райының күрт нашарлауынан облыста бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабуен кентінің маңында тіркелген. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer көлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, көпірден құлап кетті. Екі адам зардап шекті. Сондай-ақ, Алматы-Өскемен автожолының 359 шақырымында (Сағабуен ауылының тұсында) Cherry кроссовері Камазбен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында жас бала бар. Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді, – дейді мамандар.

Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда
Бүгін, 12:56

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда

Мемлекетке қайтарылған қаражат тағы бір ауданның игілігіне жарады
Қазгидромет мамандары алда кейбір аймақтарға қатты ыстық түсетінін ескертті
Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →