×

Magnum өз сөрелеріне неге отандық өнімді қойғысы келмейді – министр Шаққалиевтың жауабы

Сауда субъектілері үшін "Қазақстанда жасалған" өнімнің ең төменгі үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс

Magnum өз сөрелеріне неге отандық өнімді қойғысы келмейді – министр Шаққалиевтың жауабы
Ашық дереккөзден

Журналистер Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен ірі сауда желілері отандық өнімді қаншалықты қолдап отырғанын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шаққалиевтың айтуынша, сауда субъектілері үшін "Қазақстанда жасалған" өнімнің ең төменгі үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс. Бұл – заңмен бекітілген шек. Сонымен қатар сауда субъектілерін қолдауға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама бар. Бағдарламаға Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа өңірлер қатысады. Егер қандай да бір сауда желісі осы мемлекеттік қолдауды пайдаланатын болса, ол сөрелеріндегі өнімнің кемінде 20 пайызын отандық тауарлармен толтыруға тиіс. Жалпы бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін жетеді. Сонымен қатар, Шаққалиев "Magnum" сауда желісіне де жеке тоқталды.

«Magnum бұл бағдарламаға қатыспайды. Соған қарамастан, олар үшін де 30 пайыз көлемінде отандық өнім сөрелерде болуға міндеттелген, – деп нақтылады ол.

Арман Шаққалиевке журналистер "Magnum" гипермаркетінің отандық майонезді сөрелерден алып тастауына қатысты сұрақ қойды. Министрдің айтуынша, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлікке тікелей араласу құзырға кірмейді. 

«Егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар тауарлар жайында болса, онда бұл – біздің құзыретіміз. Алайда майонез ондай тізімге жатпайды. Екіншіден, бұл – кәсіпкердің жеке шешімі. Олардың сөреде 4 түрлі майонез өнімі бар. Отандық өнімге негізсіз шектеу қойылған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады», - деп ескертті Шаққалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы 40 градус ыстық түседі
Бүгін, 11:55

Қазақстанда тағы 40 градус ыстық түседі

Синоптиктер Казгидрометтен 7, 8 және 9 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қымбатшылыққа ішкі және сыртқы факторлар әсер ететінін мәлімдеді
Бұл туралы әлеуметтік желіге адвокат Мейірман Шекеев жазды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →