×

Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қымбатшылыққа ішкі және сыртқы факторлар әсер ететінін мәлімдеді

Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр
Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, бүкіл әлемде азық-түлік бағасына баға қосылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz тілшісі бүгін Арман Шаққалиевтен не себепті қымбатшылықты тежей алмай отырсыздар деп сұраған. Министр былай деді:

«Мына мәселе түсінікті. Баға индексі өсіп жатыр. Оның себебі ішкі және сыртқа факторлар бар. Сыртқы факторларды алатын болсақ, бүкіл дүниежүзілік азық-түлік ұйымы ақпараты бойынша шілде айында өткен аймен салыстырғанда 0,07 пайызға өсті.  (олар – ет, сүт, күнбағыс майлары). Бұл бізде ғана емес, дүние жүзінде осынгдай тенденцияларды байқап жатырмыз. Неге десеңіз, әртүрлі себептер бар. Мысалы Бразилия ең ірі ет өндіруші болса да, ол елде ет өндірісі азайып кетті. Сүт өндіріс және сұраныспен байланысты. Бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады. Себебі көрші елдер бізде бір өнім көп болса, импорттайды. Қымбат бағамен алады. Ол нарық. Біз осындай өнімнің бағасы тұрақты болады деп айта алмаймыз. Ол түсінікті. Оған байланысты сыртқы факторлар бар”, – деді ол.

Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда ең алдымен логистикалық желі, сақтайтын қоймалар болуы керек. Сауда сөресінде кедергілер болса мемлекет тарапынан жойылуы тиіс. “Агротрейд” деген жаңа платформа осы үшін құрылып жатыр.

“Ол біздің өндірушілерге, саудагерлерге делдалсыз келісімшарттарға мүмкіндік береді. Сіз жүйеге кіресіз де, Ақмола облысында қандай өнімдер барын біле аласыз. Сол көлеммен алдын ала айналысасыз. Баға түсінікті болуы үшін саудада ұзақ мерзімді ақпарат болуы керек. Осы платформа арқылы форвардтық келісімдерге қол қоясыз. Түсінікті бағамен алып, сақтап, сөреде сататын боламыз. Саудагер сатпаса оған да еш пайда жоқ. Ол егер тауарды қымбат бағамен алса, ол ешқандай пайда көрмейді”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Берденов анайы сөйледі": сотталушы Жиембай қандай сөз намысына тигенін айтты
Бүгін, 13:30

"Берденов анайы сөйледі": сотталушы Жиембай қандай сөз намысына тигенін айтты

Бүгін Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ерлан Жиенбайдың соты басталды
Синоптиктер Казгидрометтен 7, 8 және 9 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Сауда субъектілері үшін "Қазақстанда жасалған" өнімнің ең төменгі үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →