Бүгін Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ерлан Жиенбайдың соты басталды
Руслан Берденовті атты деген күдікпен ұсталған Ерлан Жиенбай бүгін сотта прокурорлардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Мен кінәмді толық мойындаймын, құрметті прокурор. Бірақ бұл жерде таяқтың екі ұшы бар. Әлеуметтік желілерде мені “ессіз адам сияқты өзінен-өзі келіп атып кетті” деп жазып жатыр.. Мен кінәмді мойындаймын. Бұл нәрсені дұрыс деп санамаймын”, – деді сотталушы.
Прокурор сотталушыдан сонда “не себепті аттыңыз?” деп сұрақ қойған.
“Себеп – қызғаныш. Ар-намысыма тиетін сөздер. Маған өзіме бәріне түсінікті болу үшін айтайын: “сенің әйеліңе бір жерің тұрмайды” деген сөздер – мені намыстан өлтіреді. Ондай сөздерді қайталамасын деген мақсат болды, – деді ол.
“Іштей өзіңді кінәлі сезінесіз бе? деген сұраққа ол “иә” деп жауап берді. Мылтық апарғанын “қорқыту үшін жасадым” деп түсіндірмек болды.
Прокуратураның мәліметінше, Жиембай өзін жұмыстан шығаратыны туралы әңгімені құлағымен шалып қалып, осы жағдай оны қылмысқа итермелеген.
Оқиға 2025 жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының жанында болған. Руслан Берденов аңшы мылтығынан атылған оқтан жамбас және иығынан жараланып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.
Айыпталушы – 31 жастағы Ернар Жиембай, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры. Тергеу дерегіне сүйенсек, ол әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовке бес рет оқ атқан.
Судья Әбінұр Қарабаев негізгі сот отырысына Руслан Берденовтің өзі келіп қатысуы тиіс деп шешім шығарды. Алайда жарақатынан толық айықпағандықтан, Берденов сотқа қатыспады.