×

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қаза болған қазақстандықтардың туған-туыстарына өтемақы төленді ме

Ал Әзербайжан тарапынан жағдайлар жасалған

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қаза болған қазақстандықтардың туған-туыстарына өтемақы төленді ме
скрин видео

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Әзербайжан ұшағының апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына өтемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде ол Qaz365.kz тілшісінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әзербайжанның ұшағы апатынан қаза болған Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына Әзербайжан немесе Ресей тарапынан өтемақы төленді ме? – деп сұрады тілші.

Вице-премьердің айтуынша, Ресей тарапынан ешқандай өтемақы төленбеген. Ал Әзербайжан тарапынан жағдайлар жасалған.

Ресей тарапынан өтемақы төленбегені анық. Әзербайжан тарапынан тиісті жағдайлар жасалды. Олар Ақтау қаласына бір кәсіпкерді жіберген. Осы қаза болған адамдардың туысқандарын жинап, бір-бір пәтер алып берді. Сондай-ақ тағы бір компанияның атынан тиісті өтемақы болуы керек еді. Ресми түрде сауал жіберсеңіз, мен нақты мәлімет беремін, – деді вице-премьер.

Еске салсақ, қайғылы оқиға кезінде бортта 67 адам болған. Оның ішінде 5 экипаж мүшесі. Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Қаза болғандардың 6-ауы – Қазақстан азаматы. Сондай-ақ, бортта Әзербайжанның қырық екі, Ресейдің он алты, Қырғызстанның үш азаматы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →