×

Казиноға миллиондап ақша жаратқан полицейлерге қандай жаза қолданылды

305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсаған

Казиноға миллиондап ақша жаратқан полицейлерге қандай жаза қолданылды
nalogi.kz

ІІМ Алматы облысының прокуратурасы мәліметінде казинода ойын ойнаған полицейлер саны асыра айтылғанын және құмар ойыншылар қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

"Ойын мекемелеріне барғаны анықталған полиция қызметкерлеріне тексерулер жүргізілді. Іс жүзінде 88 полиция қызметкері анықталды - ақпаратта бірқатар полицей деректері қайталанады (Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, казинода 97 полиция қызметкері байқалған - еск.). Оның 17-сі ішкі істер органдарынан бұрын босатылған.Ойын бизнесімен айналысқаны анықталған қызметкерлерге "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды", –  делінген министрлік ресми сауалға берген жауабында.

Ішкі істер министрлігі барлық деңгейдегі басшылармен және жеке құраммен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне де, мемлекеттік қызметшілерге де қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:

  • Ішкі істер министрлігі - 97;
  • Қорғаныс министрлігі - 95;
  • Қаржы министрлігі - 25;
  • Жоғарғы Сот - 7;
  • Қаржы мониторингі органдары - 15;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
  • әкімдіктер - 36;
  • басқа да мемлекеттік органдар - 27.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →