×

Берденов ісі: Сотталушының әкесі күтпеген тосын мәлімдеме жасады

Сөзінше Берденов ауруханаға түскенде жамбасынан жоғары ешқандай жарақат болмаған.

Берденов ісі: Сотталушының әкесі күтпеген тосын мәлімдеме жасады
Коллаж/Qaz365.kz

Берденовке қастандық жасау ісі бойынша жаңа мәлімдеме жасалды. Сотталушы Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында жәбірленушінің жарақаттары туралы деректермен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атышулы Берденов ісіндегі ақпараттар ағыны әлі де таусылар емес. Бұл жолы сотталушы Ернар Жиембайдың әкесі әлеуметтік желіде жазба жариялады. Сотта ұлының заңды қорғаушысы деп танылған Жиембай Пралиев Берденовке 5 оқ атылғанымен оның үшеуі тигенін алға тартады.

Кейбір жарияланымдар ақпаратты 5 оқ жарақатынан бастайды. Бірақ, тергеушінің қаулысымен және заттарды қарау хаттамасына сәйкес жәбірлерушінің денесінен барлығы 3 бытыраның ғана қалдығы табылған,- дейді Жиембай Пралиев. 

Пралиев айтқан пікір мұнымен бітпейді. Сөзінше Берденов ауруханаға түскенде жамбасынан жоғары ешқандай жарақат болмаған.

60 бытыра туралы ақпарат жәбірленушінің алғашқы видеожазбасымен мүлде сәйкеспейді. Онда ол сырт киімсіз аурухана төсегінде және жамбасынан жоғары ешқандай жарақатсыз жатыр,- дейді Жиембай Пралиев. 

Есі дұрыс адам мұндай қылмысқа кәсіби қызметі үшін бармайды деген Пралиев баласы Берденовке мылтықты көздемегінін де жазыпты. Соның әсерінен Берденов мердігермен 5 оқ атылып болған соң да түрегеп тұрып сөйлескен дейді. 

Сот отырысынан бірнеше күн бұрын 1-тамызда жәбірленуші Шымкент қаласы әкімдігіне барған. Бұл оның жарақаттарының өзі айтқаннан әлдеқайда ауыр еместігін әрі сотқа әдейі қатыспай жатқанын көрсетеді, - деп түйіндепті сөзін Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев.

Еске салайық, Шымкент қаласында әкім орынбасарын өлтірмек болды деген айыппен “ Тұрғын үй Шымкент” директоры Ернар Жиембайға қатысты 6-тамызда сот басталған еді. Келесі сот отырысы 13 тамызға белгіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Кеше, 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →