×

Министр Мусин сайлауға қандай жаңашылдық енгізбек

Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті

Министр Мусин сайлауға қандай жаңашылдық енгізбек
Ашық дереккөздерден

Министр Мусин сайлауда дауыс беру жүйесіне екі жаңашылдық енгізу жоспарланып отырғанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

Урнаға бюллетеньді салған кезде қанша бюллетень түскенін автоматты түрде көрсетіп тұрса дейді ол. 

«Біз Орталық сайлау комиссиясымен бірге екі мәселені талқылап жатырмыз. Мысалы, дауыс берушіні сайлау округіне бекіту және тіркеуден шығару мәселесі бар. Бір облыстан екінші облысқа барып дауыс беретін болса, тұрғылықты округте тіркеуден шығуы керек. Келешекте осыны онлайн түрде жасауға болады», - деді ол сайлауда дауыс берген соң.

Сондай-ақ министр сайлауды бақылаудың тағы бір механизмі пайда болатынын айтты. 

"Яғни, мұндай технология салған бюллетініңіздің ешқандай қолдан жасалған құжат емес екенін, заңды құжат екенін растайды. Сайлау жәшігі қазіргідей болады. Бірақ кішкентай компьютерлері болады. Осындай ұсыныс бар. Қазіргі таңда бұл бірнеше елде жүзеге асырылған. Келешекте Орталық сайлау комиссиясымен талқылау жалғасады. Қазір бюллетеньдерді бақылаушылар санаса, енді бақылаудың тағы бір механизмі пайда болады. Ол жалған бюллетеньдердің қосылып кетпеуіне септігін тигізеді», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →