×

Сорбұлаққа құлаған әскери тікұшақтағы екінші адамның денесі табылды

Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Сорбұлаққа құлаған әскери тікұшақтағы екінші адамның денесі табылды
Қорғаныс министрлігі

Бүгін Қорғаныс министрлігі EC-145 тікұшағы құлаған  аймақтан тың ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру-құтқару іс-шараларының жалғасуы барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылған.

“Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда”, – делінген мәлімдемеде.

Оқиға болған алғашқы сағаттардан бастап барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Аэроғарыш комитетінің қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілген. Айта кетейік, Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалғанына он күннен асты. Іздеу жұмыстары Сорбұлақ көлінде жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Кеше, 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті
Сөзінше Берденов ауруханаға түскенде жамбасынан жоғары ешқандай жарақат болмаған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →