×

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: ұлытаулықтар ақын рухына тағзым етті

«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: ұлытаулықтар ақын рухына тағзым етті
Фото: Qaz365.kz/Бауыржан Карипов

Бүгін Ұлытау облысында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ұлы Абайды ұлықтау күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара Абай ескерткіші жанында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мереке С.Қожамқұлов атындағы театр әртістерінің театрландырылған қойылымымен басталып, көрермендерге ұлы ақынның өмірі мен мұрасы жайлы тағылымды көрініс ұсынылды. Арнайы дайындалған алаңда Абайдың кітаптары, суреттері және шығармашылық мұрасына қатысты көрмелік экспозициялар көпшілік назарына ұсынылды.

Облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова құттықтау сөзінде Абайдың халық руханиятындағы айрықша орнын атап өтіп, оның өсиет-өнегесі әр ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, абайтанушы Бекболат Есенов жиналғандарға жүрекжарды лебізін білдірді.

Салтанатты жиын аясында «Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстазы Жанат Әбдіғожин иеленді. Жүлдегерлер сахнада өз өлеңдерін оқып, көпшілік қошеметіне бөленді.

Зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті. Хакім Абайдың туған күні қарсаңында ескерткіш маңында оның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Айта кетейік, «Абай керуені» әдеби сапары 4 тамызда Жезқазған қаласында басталып, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жәйрем кентінде жалғасын тапты. Жоба мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеу.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →