×

700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды

Жалақысы көп жұмыстар кімдерге ұсынылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады

700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды

Шілде айында Қазақстанның enbek.kz электронды еңбек биржасында ең жоғары жалақы тау-кен өндіру саласындағы учаске бастығының орынбасары қызметіне ұсынылды. Оларға айына 756 мың теңгеден бастап жалақы берілетіні уәде етілген, деп хабарлады деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, “үздік үштікке” учаске бастығы (орташа 747 мың теңге) және бас құрылысшы (668 мың теңге) кірді. Бір айда сайттағы бос жұмыс орындарының саны 4%-ға азайып, 104,8 мыңға жетті, ал түйіндемелер саны 34%-ға өсіп, 147,8 мыңға жеткен.

Ең көп бос орындарды білім беру ұйымдары (20 мыңнан астам), «басқа қызметтер» саласы (16,5 мың), денсаулық сақтау (10,6 мың) және өңдеу өнеркәсібі (7,7 мың) жариялаған. Платформада шамамен 2200 медбике мен мейіргер, 1900 тәрбиеші және 1800 жүргізуші вакансиясы орналастырылған.

«Сұраныс құрылымында жоғары білікті еңбекке бетбұрыс байқалды – шілдеде осындай 32,9 мың бос жұмыс орны жарияланды. Сондай-ақ біліктілігі жоқ жұмысшыларға деген сұраныс артты (44,3 мың). Орта білікті қызметкерлер тек 26,3% жағдайда (27,6 мың) қажет болды», – деп мәлімдеді министрлік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →