×

Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

13 тамыздан, яғни бүгіннен бастап Starlink компаниясының спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Ашық дереккөзден

Ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2025 жылдың 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсына бастайды. Бұл ел тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі Starlink төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді», – делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство 12 маусымда министрлік пен Starlink қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын сақтау жөнінде компанияның міндеттемесін бекітетін келісімге қол қойғанын еске салды.

Айта кетейік, Starlink технологиясы ең шалғай және қол жетуі қиын аймақтарда да тұрақты байланыс қамтамасыз етеді.

Starlink компаниясының тарифін мына сілтемеден көруге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →