×

Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды – ҰҚК

Ол басқарма тізгінін Берденов қала әкімінің орынбасары қызметіне келген тұста қолына алған

Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды – ҰҚК
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әбдешов бөтен мүлікті иемденді деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатыр. Ол басқарма тізгінін биыл ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары қызметіне келген тұста қолына алған.

Айта кетейік, Әбдешовтің ұсталған уақыты қала әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісімен қатар келіп отыр. Бұл іс бойынша «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембай айыпталуда. Қазір аталған компанияда аудит жүргізілуде.

Бұған дейін сотта құрылыс басқармасының қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс өткізіп, алдағы тексерістер туралы – Антикор мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен болатын бақылау жайында ескерткенін айтқан.

Аталған оқиғалардың өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →