×

Түркістан қаласында кәріз желілерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында кәріз желілерінің  құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Түркістан облысы әкімдігі

Қалада орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында айрықша көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда Сауран және Шауғар секторлары мен Баянауыл шағын ауданында кәріз желілері мен насос станцияларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 

Сауран секторында 83 көше, 4 372 абонентті қамтитын желі биыл пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта №2 кәріздік насос станциясында қазба жұмыстары атқарылуда. 

Ал Баянауыл шағын ауданында 25 көше, 2 103 абонентке қызмет көрсететін желінің құрылысы - Жангелдин көшесіндегі магистралдық құбыр қазу жұмыстарымен жалғасуда. 

Сонымен қатар, Шауғар мөлтек ауданында ұзындығы 99,9 шақырымды құрайтын желі арқылы 3 294 абонентті қамту жоспарланып, бүгінде Шала Бақсы және Семей көшелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қала аумағында жалпы 27 кәріздік насос станциясы жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →