×

Әйелінің орнына дауыс бергісі келген азамат: Сайлауға келгеніме рахмет айтыңдар

Мұндай заңсыздыққа жол бергендер үшін әкімшілік жаза қарастырылған

Әйелінің орнына дауыс бергісі келген азамат: Сайлауға келгеніме рахмет айтыңдар
Видеодан кадр

Тараз қаласындағы №47 сайлау учаскесінде бақылаушылар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беруге келген ер азаматтың жәшікке бірнеше бюллетеньді салғалы жатқанын байқап қалған. Біреудің орнына дауыс беруге болмайтынын, әркім өзі үшін беретінін түсіндірген бақылаушыларға ер адам дауыс көтерген.

«Әйелім жолдан келген соң, ауырып келе алмады. Жеке басын куәландыратын құжаты қалтамда. Екеуміз бір үйдің адамы болған соң, бәрібір емес пе? Онда тұрған не бар? Басымды ауыртпаңдар. Қайта менің сайлауға келгеніме рахмет айтыңдар», - деді Тараз тұрғыны. 

Әрі қарай бақылаушылар сайлаушыға екі адамның бюллетенін комиссия мүшелерінің қайсысы бергенін анықтаумен айналысып кетті.

Айта кетейік, сайлау барысында мұндай заңсыздыққа жол берген комиссия мүшесі сайлау учаскесінен шеттетіліп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
Сондай-ақ басқа сайлаушы үшін дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін кінәлілерді де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тарту көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →