×

Бас прокуратура: Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді

Бюллетень берген барлық комиссия мүшелері сайлау учаскелеріндегі жұмыстан шеттетілген, әкімшілік жаза қолданылады

Бас прокуратура: Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді
Ашық дереккөздерден

Басқа сайлаушы үшін дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Азамат Сарғазиннің айтуынша, заңбұзушылықтар үш өңірде – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде, Жетісу облысының Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде тіркелген.

"Бұл заңбұзушылықтар комиссия мүшелері тарапынан азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік берумен байланысты. Яғни сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері сайлаушылардың өтінішімен оларға туысқандары үшін дауыс беру үшін бюллетень берген. Сол арқылы тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған", - деді Сарғазин республикалық телеарнада өтіп жатқан "Сайлау– 2023" онлайн марафонында.

Ол бюллетень берген барлық комиссия мүшелері сайлау учаскелеріндегі жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді. Қазір жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін шаралар қабылдап жатыр.

Басқа сайлаушы үшін дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

"Бірақ бұл бірлі-жарым жағдай", - деді Бас прокуратура өкілі.

Осы орайда ол “Сайлау туралы” заңға сәйкес, әрбір сайлаушы өзі дауыс беретінін атап өтті. Дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге тыйым салынады.

Дауыс беру басталғалы бері ықтимал заңбұзушылықтар туралы 32 өтініш түскен. Соның ішінде жетеуі бас прокуратураға бағытталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →