×

Судья Руслан Берденовтен сотта жауап беруін талап етті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Судья Руслан Берденовтен сотта жауап беруін талап етті

18 тамызда тараптардың жарыссөзі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі сотта судья Әбінұр Қарабаев жәбірленушінің сот процесіне жеке өзі немесе онлайн режимде қатысуын талап етті. Ол Руслан Берденовтің ресми өкілі Жеңіс Тыныбекке осы мәселені қарастыруды жүктеді.

Сот кезінде бүгін іске дәйек, дәлел болар айғақ заттар көрсетілген еді. Оның ішінде Руслан Берденовтің қанға боялған жейдесі бар. Басқа киімдердің ішінде осы жейде айрықша байқалады. Одан бөлек оқтар мен аяқ киім де видеоға түсірілген. 

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиембайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →