×

Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді

Шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр

Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Ашық дереккөздерден

Шет мемлекеттерде жүрген бес мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды qaz365.kz.

“Кезектен тыс Парламент депутаттарын сайлау аяқталуға жақын. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сайлауларды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге мүдделі бола отырып, оған қатысуға халықаралық байқаушыларды шақырды. 12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысуда. Астана мен Алматы қалаларында “Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары” ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бүгін таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр”, - деді министрдің орынбасары Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында.

Сонымен қатар ол шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін 62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесінің ашылғанын атап өтті. Оларда 12 016 адам дауыс беруі тиіс.

«Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір де жұмыс істеп жатқан учаскелерді шамамен 5 мың Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл 42 пайызды құрайды. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады», - деді Роман Василенко.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →