×

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
Ашық дереккөзден

248 млн жазылушысы бар америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram-сторисінде қазақ тіліндегі әннің фрагментін бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мөлдір Байбусинованың айтқан әнін Дженифер Лопес сторисінде жариялады.

Қазақ әншісі танымал композицияның қазақша нұсқасын орындап, әлеуметтік желілерге жариялаған. Бейнеролик тыңдармандардың аккаунттары арқылы жылдам таралып, Дженнифер Лопестің де назарын аудартты. Кейіннен әннің үзіндісі әртістің сторисінде жарияланды.

Жарияланымның астына тыңдармандар жүздеген пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі Лопестің Алматыдағы концерті кезінде болған қызық жағдайды еске алды:

— «Who came after JLo's story?» («Джей Лоның сторисінен кейін келгендер бар ма?»).

— «JLo сторисінен келгендер қайдасыздар? Менің пікірімді лайктап қойыңыздар, осында қайта-қайта кіріп, отандасымызбен мақтанып, бұл қазақша нұсқасын тыңдап отыру үшін», – дейді жазылмандар.

Миллиондаған аудиториясы бар аккаунттағы репост қазақстандық қолданушылар үшін мақтанышқа айналды. Пікір қалдырушылардың айтуынша, Дженнифер Лопестің назар аударуы қазақ музыкасы мен тіліне әлемдік аудиторияның қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Бұған дейін Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып түскен жаңа суреттерін бөліскен еді.

1 тамызда Астанадағы Астана Аренада, 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің жеке концерті өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →