×

Алматыда көлік көпірден құлап кетті

Екі адамның жағдайы ауыр

Алматыда көлік көпірден құлап кетті
видеодан кадр

Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап бірнеше адам зардап шекті, екі адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

"Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шүұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген бір науқас нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайы орташа ауыр.

"Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді", - деп қосты Алматы денсаулық сақтау басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →