×

Қазақстан әуежайларында тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылады

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады

Қазақстан әуежайларында тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Ашық дереккөзден

Бұл шешім жолаушыларға қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін қабылданған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жолаушыларға әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысып шығу ұсынылады. Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Сонымен қатар толық ақпарат әуе компаниялары мен әуежайлардың ресми сайттарында, сондай-ақ тіркеу және тексеру пункттерінде бар. Мысалы, қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар қатарына сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын сұйықтықтар, аэрозольдер, гельдер және өзге де қауіпті заттар жатады.

Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес зауыттық қаптамасы жоқ өнімдерді тасымалдауға рұқсат етілмейтінін еске саламыз. Атап айтқанда, бұл бал, джем, сүт және үй жағдайында дайындалған басқа да өнімдерге қатысты. Мұндай заттар тексеру кезінде тәркілеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →