×

Екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол салды

Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген

Екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол салды
8newsnow.com

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

Құқық қорғау органдары қыздарды зорлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Бірнеше рет зорлау") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →