9 қыркүйекте Apple компаниясы дәстүрлі жыл сайынғы тұсаукесерін өткізіп, көптен күткен iPhone 17 желісін, оның Pro және Pro Max нұсқаларын, сондай-ақ жаңа смарт-сағаттар мен басқа да гаджеттерін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жаңа топтаманың басты жаңалығы – iPhone 17 Air. Оның қалыңдығы небәрі 5,6 мм, бұл – компания тарихындағы ең жұқа смартфон. Сонымен қатар, ол ең берік әрі ең қуатты модельдердің бірі болмақ. Air үлгісінде A19 Pro процессоры орнатылған, ол қазіргі таңда смартфондарға арналған ең жылдам чип ретінде аталып отыр.
Модельдің ерекшелігі – eSIM технологиясына толық көшуі. Яғни құрылғыда дәстүрлі SIM-карта салатын ұяшық болмайды. Сондай-ақ, Air бір мезгілде алдыңғы және негізгі камерадан видео түсіре алады.
iPhone 17 – 6,3 дюймдік дисплеймен шығады. Бес түсті нұсқада ұсынылмақ: лаванда, көк тұман, қара, ақ және шалфей.
iPhone 17 Air – 6,5 дюйм, төрт түсте: қара, ақ, ашық алтын және аспан көк.
iPhone 17 Pro – 6,3 дюйм, ал iPhone 17 Pro Max – 6,9 дюйм экранмен жабдықталған. Бұл үлгілер күміс, қызғылт сары және қою көк түстерде қолжетімді.
Барлық смартфондар кем дегенде 256 ГБ жадпен ұсынылады.
Apple инженерлері жылуды таратуға арналған жаңа булану камерасы бар салқындату жүйесін енгізді. Оның арқасында смартфондар ойындарда және жоғары жүктемелер кезінде 40%-ға дейін өнімділікті арттыра алады. Сонымен қатар, аккумулятор жаңа бейімдеу функциясының арқасында қайта қуаттамай-ақ күні бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
iPhone 17 – 799 доллардан,
iPhone 17 Air – 999 доллардан,
iPhone 17 Pro – 1099 доллардан,
iPhone 17 Pro Max – 1199 доллардан басталады.
Смартфондардың сатылымы 19 қыркүйекте басталады.
Жаңа гаджеттердің тұсаукесерінен кейін Nasdaq биржасында Apple акцияларының бағасы шамамен 1,7%-ға төмендеді. Презентация аяқталғаннан кейін бір акция құны 233,89 долларға дейін түсті.