×

«Мен сізді жақсы көремін». Ардақ Назаровтың тосын мәлімдесі жұртты таңқалдырды

«Мен сізді жақсы көремін». Ардақ Назаровтың тосын мәлімдесі жұртты таңқалдырды
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын, Назаров алдымен анасын 70 жасқа толуымен құттықтауды жөн көрді. Анасына деген жүрекжарды лебізін ол парламент мінберінде жария етті.

«Қадірлі анашым. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін», – деді Назаров.

Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті. Дегенмен, парламент қабырғаларында мұндай әрекет қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады
Кеше, 18:21

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова мерейтойға мемлекет ақша бөлсе, дау болады деп топшылайды
Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →