×

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт ошағына барды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт ошағына барды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қазір өртеніп жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір басшысы жергілікті жерде полигон аумағын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен және арнайы құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша әкім бірқатар нақты тапсырмалар берді:


    •    инертті материалдарды жеткізуді күшейтіп, бықсып жанған орындарды жедел көму;
    •    тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жел бағытының өзгерісін тұрақты бақылауда ұстау;
    •    топырақты нығыздау үшін қосымша арнайы техниканы тарту;
    •    халықты өртті сөндіру барысы мен қауіпсіздік шаралары туралы ашық әрі тұрақты түрде ақпараттандыру.

Марат Сұлтанғазиев жағдайға қатысты пікірінде жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, барлық күш пен техника ірі өрттің салдарын толық жоюға жұмылдырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды
Бүгін, 14:43

Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін қарауды белгісіз мерзімге шегерді
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу үшін пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр
Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →