×

Қазақстанда архив қызметкерлерінің жалақысы өседі

Бұдан былай 25 пайыз үстемақы қосылады

Қазақстанда архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстанда архив қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы қосу туралы заңнамалық өзгерістер қабылданбақ. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембай хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін кейбір аймақтарда архив қызметкерлеріне үстемақы толық көлемде төленбеген. Мәселен, Ақтөбе, Маңғыстау сияқты облыстарда үстемеақы ішінара ғана берілген. Жаңа заң жобасы қабылданған соң үстемақы барлық өңірде бірыңғай тәртіппен енгізіледі.

«Архив қызметкерлеріне бұдан былай 25 пайыз үстемақы қосылатын болады. Бұл біздің бағдарламамызда бар. Енді біз бұны заңмен шегендеп жатырмыз. Жалақылары орташа 173 мыңнан 393 мыңға дейін өсетін болады. Ал Алматы мен Астана қаласындағы екі архив ұлттық статусқа ие болады. 2026 жылы 1 қаңтардан бастап 1,75 коэффициентпен өседі», – деді депутат Елнұр Бейсембай.

Сонымен қатар қазір Астанадағы Ұлттық архивтің мәртебесі заң жүзінде толық айқындалмағаны белгілі болды. Алдағы өзгерістер арқылы бұл мекемеге ресми түрде «ұлттық» статус берілмек.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін қарауды белгісіз мерзімге шегерді
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу үшін пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →