×

Шавкат Рахмонов Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін Қобда ауылында жаңа үйлер бой көтереді

Шавкат Рахмонов Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді
t.me/Aktobe_region/24716

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері, бұл спорт түрінен бірде-бір жеңіліс таппаған спортшы Шавкат Рахмонов Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Бұл туралы qaz365.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. «Апат айтып келмейді» дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!» - деді Шавкат Рахмонов.

Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін Қобда ауылының «Жаңақоныс» шағын ауданында жаңа үйлер бой көтереді. Құрылысы басталған 24 үй төтенше жағдайға қарастырылған бюджет ұаржысына салынады. Олар биылғы 1 маусымда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетсек, 21 наурыз күні Астанадағы EXPO алаңында өткен мерекелік шара барысында таяуда ғана UFC аясындағы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын. Президент спортшыны жуырда жеке қабылдайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →